Ақтөбедегі жалғыз мемлекеттік университеттен шу шықты

Жанар Қожанова

  • 12.11.2020

Ректорлық қызметке жарияланған байқауды әділ әрі ашық өткізген жоқ деген Талғат Жұмағамбетов жоғарғы оқу орнының директорлар кеңесін сотқа бермекші. Іріктеу сынынан өтпей қалдым деген тарих ғылымдарының докторы екінші турға еш ғылыми дәрежесі жоқ 33 жастағы магистрді кім, қалай өткізіп жібергеніне әлі таң қалып жүргенінін айтады. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне дейін арызданған оқытушы іріктеу сынының қорытындысын жойып, байқауды қайта өткізсін деп талап қойып отыр.
Талғат Жұмағамбетов Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте бір емес бірнеше жылдар бойы қызмет кеткенін айтады. Бір басына жететін ғылыми дәрежелері де жоқ емес. Алайда соған қарамастан ректорлық лауазымға жарияланған байқаудан өткізбей тастаған комиссия мүшелеріне өкпесі қара қазандай. Оқытушы байқау ашық өткен жоқ. Іріктеудің қорытындысы мен екінші турға өткен кандидаттардың кім екенін айтпай жасырып отыр дейді.
"Таныстырыңызшы, бұл кісілер кім? Неге бұлар мені жеңіп кетті? Соны білейін десем, айтпайды. Бұл публичный конкурс дейді ғой, барлық Қазақстан бойынша өткізіп жатқан соң ашық болу керек. Объективті болу керек. Біздің құқымыз бар ғой. Біздің дәрежеміз бар ғой. Неге менде отыз жылдық жұмыс істеп жүрген докторда, профессорда құқық жоқ? Қарсы шығуға, айтуға, сұрауға", - дейді ректорлыққа үміткер Талғат Жұмағамбетов.
Ал мемлекеттік университеттің директорлар кеңесі байқаудың ашық өткенін айтады. Сөздерінше ректорлық қызметке үміткердің атақ дәрежесіне емес, біліктілігіне, дайындап әкелген бағдарламасына басымдық берілді дейді.
"Ол өте дәрежелі, атақты болуы мүмкін. Бірақ ол сол университетке ертеңгі күні ректор болып келгенде қаншалықты өзінің бағдарламасы бар, қаншалықты оған дайын, қаншалықты мақсаты нақты қойып отыр, қаншалықты жоспарлары бар біз соған қарадық", - дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті директорлар кеңесінің мүшесі Бұлбұл Күзембаева.
Қазір іріктеуден өткен үш үміткердің құжаттары Нұр-Сұлтанға жіберіліпті. Шешуші соңғы турды министрлік өткізіп, жеңімпазды да сол жақ анықтайды екен. Ал байқауды қайта өткізсін деген профессор қазір жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен сотқа арызданып қойғанын айтты.

Байланысты жаналықтар

Медицина университеті ректорының үйінен екі үстел ақша табылды

31.05.2024

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

16.05.2022

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

16.09.2021

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

12.07.2021

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

30.06.2021

Сот түрмеде соққыға жығылған саяси тұтқынның өтінішін қанағаттандырмады

27.04.2021
MalimBlocks
Медицина университеті ректорының үйінен екі үстел ақша табылды

Ол медициналық жабдықтарды мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша бюджет қаражатын кедергісіз аударғаны үшін Алматы қаласының кәсіпкерінен 11,6 млн теңге көлемінде пара алған

200 мыңнан астам астана тұрғыны тегін емделе алмайды

217 мыңнан астам астаналық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

"СК-Фармацияның" экс-басшысы сотталды

Жаңатас Көлгіновтің отшашуын қайталады

Қазақстан көше жөндеу үшін Қытайдан қарыз алмақ

Сот түрмеде соққыға жығылған саяси тұтқынның өтінішін қанағаттандырмады