Әрбір сыйлықта – сіздерге деген жолдау бар

«Жаңа Адамдар» қозғалысының белсенділері Қазақстанның күшті, әрі танымал әйелдерінің жолдауы бар 10 000 кәмпитті мереке қарсаңында сыйға тартты.

Айбек Ережеп

  • 07.03.2023

100 жылдан бері әлемде жыл сайын Халықаралық әйелдер күні аталып өтеді. Бірақ, осыдан 200 жылдай бұрын әйелдер дауыс беруге де қатыса алмайтын, тіпті жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндігі болмайтын. Ал қазір ше? Өкінішке қарай, Қазақстан қоғамында әйелдерге кемсіте қарап, құқықтарын бұзу жайттары әлі де кездесіп тұрады. Оның біраз мысалдарын бәріміз білеміз. Демек, әлі де күресті тоқтатпау керек.

«Жаңа Адамдар» белсенділері Халықаралық әйелдер күніне қарай жетістікке жетіп қана қоймай, өз саласында үздік атанған танымал, әрі табысты қазақстандық әйелдердің жолдауы жазылған 10 мың кәмпит дайындады. Өз ісінің шебері атанған әйелдер «арманыңызға қорықпай талпынсаңыз,бұл өмірде бәрі мүмкін» деген үндеумен жеке жағдайларын үлгіге салды. Олар кез келген қыз бала атақты ғалым да, табысты саясаткер де немесе бүкіл әлемге әйгілі боксшы бола алады деген сенім артты.

Мотивациялық жолдауларды жазғандар:

Нэлли Бубэ - ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, суретші, график, иллюстратор.

Аида Балаева - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі. Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты.

Баян Мақсатқызы - қазақстандық продюсер, Shine Production компаниясының басшысы, тележүргізуші, актриса, әнші.

Айсұлу Ерниязова - Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі.

Дамель Мектебепбаева - Биотехнолог, Қозыбаев университетінің проректоры, NASA-ға түскен алғашқы қазақстандық.

Назым Қызайбай - қазақстандық боксшы, жеті дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы.

Динара Сәдуақасова - шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионы, халықаралық гроссмейстер.

Құрарбек Еңлік - қазақстандық шоу-бизнестің жұлдызы.

Әсел Баденова - Жаңа Адамдар жастар қозғалысының көшбасшысы.

Жаңа Адамдар белсендісі Рашит Ризабек: Сіздердің қолдарыңызда тұрған – Қазақстанның әйгілі әйелдерінің «жолдаулы кәмпиттері». Әрбір кәмпитте – сіздерге деген жолдау бар, онда – жеңісінің күресі, бастысы бірегей тарихы жазылған. Бұл кәмпиттер тек сыйлық қана емес, өз армандарыңызды қалдырмай, қалай да болса жүзеге асыруға талпыныс жасауға үндеу. Өйткені сіздердің жұмыстағы, спорттағы, бизнестегі, отбасындағы, өмірдегі жеңістеріңізден Қазақстанымызды тек қана көркейеді!

 

Байланысты жаналықтар

Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

07.06.2023

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

05.06.2023

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

02.06.2023

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

29.05.2023

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

26.05.2023

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

23.05.2023
MalimBlocks
Абайдың атын айтып малданамыз, ауылын көрсек қорланамыз  

Абайдың қолжазбалары, домбырасы, тоғызқұмалағы, Құнанбай қажының кісе белбеуіне қауіп төніп тұр

Әлемдік деңгейдегі қойылым Түркістан театрының қоймасында жатыр

Әлде, жақсылығын асырып, жамандығын жасырып қалудың әрекеті ме?

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

Өзіміздің төл туындылар экспонат деңгейінде қабылданатыны қынжылтады

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

Абай арманын ақиқатқа айналдырам дегеніне «Батыраштар» мұрша бермеді

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

Бұл жөнсіздікке қатысты адам деп Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбайдың аты аталды

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады