Дәрігер министр Цойдың бастамасын геноцидке теңеді

Malim Админ

  • 31.07.2020

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа туылған нәрестелер мен кішкентай балалар түгел маска тағуы керек деп мәлімдеді. Ал дәрігер, АҚШ отбасы дәрігерлері қауымдастығының мүшесі Дмитрий Киреев екі жасқа толмаған сәбилерге маска тағуға болмайды, бұл геноцидпен бірдей дейді.

"Министрліктің бұл шешімі жанашырлықтан гөрі геноцидке ұқсас. Денсаулық сақтау министрі нәрестелерге дейін маска тағуға міндеттеді. АҚШ педиатрлар қауымдастығы 2 жасқа толмаған сәбилерге маска тағуға болмайды, олар тұншығып қалуы мүмкін деп, ата-аналардың оларға маска тағуына тыйым салды. 2 жасқа толмаған балаға маска таққан ата-анаға айыппұл салынады. Ал бізде керісінше балаға маска тақпаған ата-анаға 80 мың теңгеден астам айыппұл салынбақ. Денсаулық сақтау министрінің бұл шешімі жете ойластырылмаған, фактілерге сүйенбей қабылдай салған. Осының кесірінен балалардың тұншығып өлуі он есеге артуы мүмкін", - дейді дәрігер Киреев Instagram-дағы парақшасында жариялаған видеоүндеуінде.

"Журналистердің нәрестелерге масканы қайдан алуға болады деген сұрағына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов "дәріханадан" деді. Кеше жұмыстан кейін әдейі 4 дәріханаға кіріп шықтым. Ешқайсысында нәрестеге арналған маска жоқ. Әріптестерім үлкенірек балаларға маска сатылатынын айтты. Бірақ нәрестелерге, сәбилерге арналғаны жоқ екен. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой одан проблема тудырмай, сәбилерге масканы мәрліден жасаңдар деді. Немесе ересектерге арналған масканың рәзіңкесін қысқартып тағыңдар деді. Тағы қайталап айтамын, АҚШ-тың педиаторлар қауымдастығы және Ауруды қадағалау жөніндегі орталығы 2 жасқа толмаған сәбилерге маска тағуға тыйым салды. Өйткені балалар тұншығып қалуы мүмкін.  Денсаулық сақтау министрлігін бұл шешімді қайта қарауға шақырамын. 80 мың теңге айыппұл төлеуден қорыққан ата-ана сәбилерге жаппай маска таға бастауы мүмкін. Одан бала өлімі артуы ықтимал", - деді дәрігер Киреев.

Расында да, ағылшынтілді ақпарат құралдарында 2 жасқа толмаған сәбилерге не себепті маска тағуға болмайтыны анық жазылған. Маска тым тар болса, сәби тыныс ала алмай қалады. 4-5 айлық нәрестелер ауыз арқылы дем ала алмайды. Сондықтан маска таққан кезде мұрын арқылы тыныс ала алмай қалған нәрестелер ауыз арқылы да дем ала алмай қалады. Сәби маска таққан күйі ұйықтап қалса, тұншығып, шетінеп кетуі мүмкін.

Байланысты жаналықтар

Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

22.09.2024

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

21.09.2024

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

10.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

03.09.2024

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

27.08.2024
MalimBlocks
Ресейде коронавирустың жаңа штаммы тез тарала бастады

Роспотребнадзор XEC COVID-19 штаммының тез таралып жатқанын хабарлады

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Ауруханаға жалпы 16 адам жатқызылды

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

Молдова президенті коронавирусқа шалдықты

Ол Тәуелсіздік күніне арналған шараларға қатыспайды