457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Дауласқан режиссердің кемшіліктері аталды

Photo: © oimaqnews.kz

Malim.kz, Астана, 19 маусым. Режиссер Талғат Теменов Facebook әлеуметтік желісінде Ұлттық Киноны Қолдау Орталығының байқауынан өте алмай қалғанын жазған болатын.

 

Режиссер өз жазбасында Ұлттық Киноны Қолдау Орталығының питчинг комиссиясының білігіне күмән келтірген. Талғат Теменовтің айтуынша, комиссияның - Нұржан Жалауқызы, Бауыржан Шүкенов сынды мүшелерінің кино өнеріне қатысы қандай екені түсініксіз. Ал комиссияда депутаттың да болуын тіпті ақылға сыймайды деп есептейді. Заңдармен айналысуы тиіс депутат байқауға ұсынылған 400 сценарийді қашан оқып бітіреді дейді режиссер.


Бұған қоса, режиссер байқауға өзі ұсынған сценарийге комиссия мүшесі Роза Мұқанованың жасаған ескертпелерімен келіспейтінін жазған. Талғат Теменовтің айтуынша, оның Роза Мұқановамен бұрыннан кикілжіңі бар. Роза Мұқанованың ескертпелерін өзіне де, жанарға да құрметсіздік деп бағалаған режиссер, оның әрекеттерін аяқтан шалу деп бағалайды. 


"...Кезінде, Сәбит Мұқанов Жазушылар Одағын басқарып тұрғанда талай ақын-жазушыға тізесін батырғанын көзі ашық қауым білетін болар... Роза Мұқанованың да сол аттасынан алыс кетпегенін көрдік... Яғни, "Дело Ленина живет и побеждает"  деген осы екен-ау деген ойға қалдым. Алайда, 21 ғасырда – Жаңа Қазақстанға "Мұқановтардың тісі" емес, – Әуезовтердің ісі қажет емес пе?! Иә... солай!.." -


деген жолдар бар Талғат Теменовтің жазбасында (емлесі өзгеріссіз беріліп отыр - malim.kz).

 

Бүгін, Facebook желісінде, комиссияның режиссер атаған мүшесі Роза Мұқанованың жауап іспетті жазбасы жарияланды. Жауапта Роза Мұқанова режиссер Талғат Теменов ұсынған сценарийдің кемшіліктерін тізіп өткен: 

 


"...1. Автор Мұхтар Әуезовтың “Қарагөз”пьесасының желісімен киносценарий ұсынған. Бірақ киносценарий жанрында емес, пьеса қалпында конкурсқа жібере  салған.

2. М. Әуезовтың  “Октябрь үшін” деген пьесасы бар. Осы  пьесаны да “Қарагөзге” кірістіріп қосып, үйлестірмек болады. (12 бет, 8 сахна) Екеуі екі дүние, идеясы да оқиғасы да екі бөлек . “Эксперттер білмей қалады” деп шешсе керек, осылайша екі пьесадан  құралған жарымжан қолжазба конкурсқа келіп түсті. Формасы мен тәсілін ұтымды пайдаланып ащы тер, адал күш шығарса бұл да өнерде бар тәсіл. Бірақ автор композициясын нақтылай алмаған, оқиғаны байланыстыру жолын шешпеген, соңғы шешімді де дүдәмәл қалпында қалдырып қойған. (Ұлттық киноны қолдау қоры рұхсат берсе Теменовтың киносценарийін фб желісіне салар едім ) Сценарийде бойжетіп қалған Қарагөз әжесінің алдында тыр жалаңаш кейіпте отыр. Әжесі жалаңаш Қарагөзге (немере қызына ) құныға қарайды. (9 сахна) Қазақ салтында әженің алдында жалаңаштану тұрмақ, қысқа етек көйлек киіп, қазақ қызы борбайын көрсете алып па?.. Сырым Қарагөзбен ойнас жасап аяғы ауыр болып қалады. Сол кезде Сырым Қарагөзге кеңес береді. “Қаш енді!  Беріштер сені құшақ жая қарсы алады, ұл тусаң атын Нарша қой” деп ел жұрттан қашырып жібертеді. Бұл әрине Теменовтың ұлы суреткер Мұхтар Әуезовке қосқан “үлесі”

3. (13 сахна) Әрі қарай пьеса драматургиядағы диалогтан ажырап, қарасөзге (проза) ойысады. (Киносценарий заңдылығы қайда қалды?)

4. Айттырылған қалыңдығы бұзылып, бас тартып, ел жұртының алдында масқара болған Нарша құсадан қан жұтпайтын ба еді. Драматургиядағы конфликт пен талас -тартыс кульминацияға апаратын өзек осы тұс емес пе? Осы қайғы-қасіретке кінәлі Сырым екенін біліп, сезіп отырып Нарша Сырымды бас салып құшақтайды (27-бет)  Құшақтап тұрып “Сендей адал досты тапқаныма қуанамын. Сен биіксің, тым биіксің!” деп Сырымға өлердегі сөзін айтып тамсананып, бас ұрады. Оқиға қалай басталып, қалай ширыға түсуі керек? Автор оған да бас ауыртқысы келмеген.  Сюжеттің логикасы, драматургияның кульминациясы қайда?!Нарша мен Сырымның қақтығысы , Нарша мен Қарагөз трагедиясы қай қырдың астында қалды?!
Ұлы суреткер Әуезов  “Қарагөз” трагедиясы арқылы махаббаттың зарын шеккен ,  сезім жалынына өртенген , ата жолын аттамайтын салт-дәстүрге ноқталанған періште қыз Қарагөзді не күйге түсірдіңіз? Ұзатылар алдында тағы да тырдай жалаңаш Қарагөз отыр. Тәні емес жаны жалаңаштанған Қарагөзді кинотілімен,режиссура тәсілімен айшықтауға әбден болар еді ғой.  Бұл кинокадр қазақ актрисасы  үшін де обал.-ақ. 
Қазақ қызының сұлу мүсінін тек ғана жалаңаш қалпында көрсетуді мақсат еттіңіз бе?.. Көрермен жинаудың ондай тәсілі баяғыда ескірген. Онсызда біздің қазіргі қоғамда ар мен ұждан , сана мен сапа жалаңаштанып, тым арзандап кетпеді ме?

 Ұлы Мұқаңның туындысы, сұлу Қарагөзінің парша-паршасын шығару үшін Теменовке мемлекет бюджетінен  529 698 939 қаражат бөлінуі керек. пе?... "


(емлесі өзгеріссіз беріліп отыр - malim.kz).
 
Питчинг - жобаның жария презентациясы, оған бәсекелестер де қатыса алады. Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттің қаржысына түсірілетін фильмдерді осы әдіспен іріктейді.