Депутат: Шабалаңдамай, келгеніме рахмет айт!

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда экстремистік деп танылған Көше партиясы мен Қазақстанның демократиялық партиясы бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамайдың жақтастары билік заңсыз деп таныған митингіге шықты. Астанадағы жиналған жұртты басу үшін Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл келді.
«Бүгін жиналып жатқандарыңыз дұрыс емес. Әлемде пандемия. Көпшілік жиналуға болмайды қазір. Маскаларыңыз да жоқ. Бейбіт митингке көнеді билік. Пандемия өтсін десе, тыңдамай жатсыздар. Президент бейбіт митинг туралы заңға қол қойды. Блок бекеттер ашылды. Кішкене қоя тұрсаңыздаршы.
Билік деген не? Сіз бен біз. Билік, депутат деген бүгін бар, ертең жоқ. Пандемия өтсін, әлі талай митинг өткіземіз. Мен өзіме жарнама жасап отырған жоқпын. Шыдаңыздар», – деді.
Сонымен қатар, аналар да өз талаптарын айтып, шағымданды. Алаңға келген аналардың біріне Бақытбек Смағұл: «Шабалаңдама. Келгеніме рахмет айт. Сен сияқты жаман қатындар халықты арандатады», – деді.
Сол жерде митингіге шыққан әйел адамның жүрегі қысылып, аурып қалды.
MalimBlocks
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.
Президентке үндеу. Алатауды Алматы әкімінен құтқарыңызшы...
Бауыржан Байбек бастаған дауды Ерболат Досаев жалғастырмақ па? Алматының бір топ эко-белсенділері бүгін, 5 қазанда баспасөз жиынын өткізіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жариялады. Онда олар президенттен Алатауды Алматы әкімдігінен құтқаруды сұрап отыр.