«Ішкі істер академиясында курсанттарды бопсалайды»
Ішкі істер министрлігінің академиясында курсанттардан ақша жинайды. Бұл туралы марқұм курсант Саламат ӨТЕГЕНОВТЫҢ анасы Бекзат ИМАНҒАЛИЕВА айтты.
Бекзат Иманғалиева «Орал апталығының» журналситіне бұл жайлы өзге де ата-аналардан естігенін хабарлапты.
«Менің ұлым жайлы БАҚ бетіне материалдар шыққан соң What’sApp-қа екі курсанттың анасы хабарласты.Ол кісілер балаларының қай академияда білім алатындарын айтқан жоқ. Бірақ бірі ұлының ІІМ-нің академиясынан қысым жасалған соң кетіп қалғанын айтты. Екіншісі баласы оқитын академияда ақша жинау фактісі болғанын айтып берді», - деді Бекзат Иманғалиева.
2020 жылдың 22 желтоқсанында Алматыдағы полиция даярлайтын академияда 19 жастағы Саламат Өтегеновтың асылып өлгені туралы хабар шыққан. Соңғы уақыттарда марқұм туыстарынан үлкен соммадағы қаражат сұраған. Тіпті ағасына өміріне қауіп төнгені туралы хабарлады деген ақпарат та бар.
23 желтоқсан күні Алматыдағы ІІМ академиясының бастығы Өмірбай СМАЙЛОВ қызметінен кетті. Сондай-ақ, тағы 6 қызметкер жұмыстаан босатылған. Ішкі істер министрі Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ академияға тексерістер жүретінін мәлімдеген.
Қазір курсанттың өліміне байланысты Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық кодекстің 105 бабы бойынша (өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу) іс қозғалып тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Былтыр Қарағанды қаласындағы полиция даярлайтын оқу орнынада да шу шыққан еді. Ол жерде дәрі оқитын А. Тастайбеков «мы братва, мы банда» деп қызметінен қуылған еді.
«Қымбатты бауырлар, жаңа жылдарыңмен құттықтаймын! Жолдастығымыз жеті ұрпағымызға дейін күшейе берсін! Шөберелеріміз біздің таныстығымызды пайдаланғай. Антибиотиктің (Ресейдің "Бандитке толы Петербург" сериалындағы атақты криминал – ред.) сөзімен келісемін. Достығымыз риясыз болсын. "Братва" болған соң, қолымыздан келгенді жасадық. Былайша айтқанда, біз - бандамыз! Қазақстан дами берсін, отбасымыз аман болсын! Ура, жолдастар!» деген видеосы тарап кеткен.
Ішкі істер академиясында офицердің (біз білетін) өзі «братва» деп жаһанға жар салғанын ескерсек курсат ана-аналарының сөзіне күдік келтіре алмайсың.