Надыров кетіп, Мадеева келді
Камалжан Надыров Алматының бас дәрігері қызметінен кетті.
"Камалжан Надыров ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымында болды. Өзінің жеке өтініші бойынша К. Надыров бұл қызметтен босатылды", - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, Тұран университетін, Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебін тәмамдаған.
2007–2014 жылдары Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
Надыровтың орнына уақытша міндетін атқарушы болып Жанна Мадеева тағайындалды.
"Басқарма басшысы тағайындалғанға дейін бұл міндетті уақытша қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Ж. А. Мадеева атқарады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.