Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева қайтыс болды

Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі Instagram парақшасында хабарлады

Malim Админ

  • 11.03.2025

Белгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева өмірден озды.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтамыз. Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды. Оның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады, – деп жазды Құрманғазы оркестрінің ұжымы. 

Айтар болсақ,  Дариға Тілендиева 1946 жылы туған, Алматы облысы, Көксу ауданы, бұрынғы Ақтекше ауданында дүниеге келген.  Алғаш рет "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Құлагер", содан кейін "Ақ машина", "Алты жасар Алпамыс", "Қоштасқым келмейді", "Жамбылдың жастық шағы", тағы басқа көркем фильмдерінде әр түрлі рөлдерді орындады. 1993 жылдан "Отырар сазы" оркестрінде қызмет істеді. 

1967 жылдан бері – «Қазақфильм» киностудиясының актрисасы (қазіргі – Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). «Тризна» (1974), «Алпамыс мектепке барады» (1977), «Жау, тоғызыншы ұлдан қорық» (1984), «Қоштасқым келмейді» (1992), «Жамбыл» (1993) және тағы басқа фильмдерге түскен. Н. Тілендиев атындағы Халықаралық қоғамдық қордың президенті. ҚР еңбек сіңірген әртісі (1998).  

 

Байланысты жаналықтар

Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

24.04.2025

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

24.04.2025

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

23.04.2025

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

17.04.2025

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

16.04.2025

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

14.04.2025
MalimBlocks
Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірхана есігі көпшілікке қайта қойылды

Журналист Серғазы Мұхтарбек өмірден өтті

Ол республикалық "Қазақстан" газетінің бас редакторы болған

Елордада Astana Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

Дархан Мыңбай: Сурет өнерінің де тарихы бар

Еліміздің 100 суретшісінің танымал еңбектерін арнайы шығарып, барлық мектептерге тарату қолға алынса құба құп

Медиафорум: Орталық Азия елдерінің бірлескен телеарнасы құрылады

Форум «Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Орталық Азия. Стратегиялық даму құралы ретіндегі медиа» деп аталады

«Қыз Жібек» киносынан Асанәлі Әшімов екеуміз ғана қалдық - Меруерт Өтекешова

Өнер иесі денсаулыққа мән беру керектігін еске салды.