«Өнердегі анам». Толқын Забирова Бибігүл Төлегеноваға жазба арнады
Қазақтың бұлбұл әншісі 95 жасқа толды.
Қазақстандық танымал әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында Бибігүл Төлегеновамен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Фотода өнер иелерінің студияда құшақтасып отырғанын көруге болады. Белгілі болғандай6 бірқатар эстрада жұлдызы отандық бағдарламада бас қосып, Бибігүл Төлегенованы 95 жасымен құттықтаған. Забирова аңыз әншіні өзінің өнердегі анасы екенін айтты.
Ұстазымның 95 жылдығының тойлауы өз жалғауын табуда! Студияда өнер иелерімен бас қосып, Бибігүл Ахметқызын құттықтадық. Көңілді кездесу өткенімен, бірақ көзге жас алдық, жүрек тебірентер сәттерге толы болды. Ұстазыма, өнердегі анама Алла ауыртпай, сырқатпай, бейнетсіз жасын созса екен деп тіледім, - деп жазды Забирова.
Фото: instagram.com/tolkynzabirova