Шымкент оқушылары IV-тоқсанды аралас форматта оқиды

  • 01.04.2021

№137 мектептің жағдайымен танысуға барған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов төртінші тоқсанындағы оқу үрдісін ұйымдастыру мәселелерімен танысты.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша,  жалпы білім беретін мектептерде барлық сынып оқушылары үшін бала санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытылмақ.

Контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан аспай дәстүрлі форматта оқиды. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады.

-Білім беру нысандары «InfoKazakhstan.kz» порталына тіркеліп, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығының талаптарын сақтаған кезде білім беру объектілеріндегі қоғамдық тамақтандыру қызметіне рұқсат беріледі. Тағы бір айта кетерлігі, оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ, - деді сала басшысы.

Мұрат Әйтенов білім беру ісінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, бала қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауда барлық жағдайларды қамтамасыз етілуі қажет деді. Сондай-ақ, ата-аналар  балаларға жеке тазалықты сақтау мен әлеуметтік қашықтықты сақтау жайын үнемі түсіндіріп отыруы тиістігін айтты.  

Байланысты жаналықтар

ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

02.06.2023

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

29.05.2023

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

26.05.2023

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

23.05.2023

Қаламгерлер билік пен халық арасындағы дәнекер қауымға айналуы тиіс

22.05.2023

Авторлар еңбегін даулап отыр. Есенәлиев не дейді?   

22.05.2023
MalimBlocks
ZhuldyzArt: Малайзиядан алған білім танымалдылығымды арттырды

Өзіміздің төл туындылар экспонат деңгейінде қабылданатыны қынжылтады

Шәкәрім шаңырағын не күтіп тұр?!

Абай арманын ақиқатқа айналдырам дегеніне «Батыраштар» мұрша бермеді

Жидебайға жемқорлық емес, қамқорлық керек     

Бұл жөнсіздікке қатысты адам деп Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбайдың аты аталды

Астана туралы үздік әндерге байқау жарияланады

Елорданың 25 жылдығына орай өтетін бұл байқаудағы ең үздік жұмыстар Астананың 25 жылдығына арналған ән жинағына енетін болады

Қаламгерлер билік пен халық арасындағы дәнекер қауымға айналуы тиіс

Одақ жұмысы сол дәстүрге сай жалғасуы, дамуы тиіс дейді бүгінгі қаламгерлер.

Авторлар еңбегін даулап отыр. Есенәлиев не дейді?   

2019 жылдан бері бір тиын ақша алмағандар бар