Шымкенттің оқушылары – үздік команда!

  • 26.04.2021

Шымкент қаласындағы білім беру сапасының жақсарғанына бір мысал шымкенттік оқушылар түрлі республикалық білім сайыстарында алдыңды қатардан көрініп жүр. Тіпті, қиын дейтін ғарыш саласында да шымкент оқушылары үлекен бәсекеге сай болып жүр.     

Мәселен, Алматы қаласында сәуір айының ортасында Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан мектеп оқушыларының жарысы өтті. Бір аптаға созылған ғарыштық жарыста шымкенттік топ «үздік команда» марапатын иеленді. Олар ғарыштық аппаратта және ракета тасымалдаушылар, ғарыштық биология және медицина, астрономия және астрофизика, экология және космонавтика, электроника және энергетика дегендей күрделі бағыттарда өз  зерттеулерін ұсынып, берілген сынақ тапсырмаларды команда боп шеше білумен ерекшеленді.

Жалпы, мұндай ғылыми жобалар конкурсының мақсаты – ғарыштық бағыттағы факультативтік үйірмелердің жұмыстарын жандандыру, ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерді оқып білу және оны тәжірибеде пайдалану, талантты оқушыларды анықтау, олардың мамандық таңдауларына көмектесу. Міне, осындай салада да Шымкент оқушылары тыс қалып жатқан жоқ.

Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан ғылыми жоба жарысы бойынша 7-10 сынып оқушыларына түрлі дәрежедегі дипломдар табысталды. Талантты оқушылардың жетекші мұғалімдеріне  Білім және Ғылым министрінің «Алғыс хаты» табысталды.

 

Байланысты жаналықтар

Том-том жарысты кім тияр?

21.10.2024

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

20.10.2024

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

19.10.2024

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

19.10.2024

Илон Масктың анасы Алматыға келді

16.10.2024

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері басталды

15.10.2024
MalimBlocks
Том-том жарысты кім тияр?

Ептілер жазушы еңбегін әділ бағалаудан гөрі ебін тауып екі асағаннан аса алмай келеді

«Он алты жасар чемпион» телехикаясы эфирге шықты

Ахметпен бірге «ауылда қалыңыз, балаларды жаттықтырыңыз» деп қосыла айтқың келетіндей

Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы есімі берілген ауылда ерекше аталып өтті

Ал туған аулында батыр атындағы аллея ашылып, бюст қойылды

Бүгін Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына — 100 жыл

Илон Масктың анасы Алматыға келді

Сапар барысында Мэй Маск Ықылас Дүкенұлы атындағы Ұлт аспаптар мұражайына барды

Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері басталды