Халықаралық форумда ұлттық өнер дәріптелді

Бішкек қаласында 20 маусым күні бірнеше мемлекеттің өнерлі әйелдер қауымын жинаған «Жібек жолы елдерінің әйелдері: мәдениеттер мен өркениеттер диалогы» атты алқалы жиын өтті.

Malim Админ

  • 25.06.2024

Суретшілердің, дизайнерлердің және қолөнерші қыз-келіншектерді бір шаңырақ астына топтастырған іс-шара Бішкек Ұлттық тарих мұражайында өтті.

Форумды Қытайдың Шэньси әйелдер федерациясы мен Жібек жолы елдерінің дизайнерлер одағы, Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ұлттық тарих мұражайы және «Құрақ әйелдер форумы» қоғамдық ұйымы бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға Қазақстан атынан ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сәуле Сыздыққызы Бапанова қатысып, жолдасы Әлібай Бапанов екеуінің туындыларын көрмеге қойды. Әрбір көрмеде бірегей ұлттық нақыштар мен өнердің заманауи интерпретациялары көрсетілді. Сонымен қатар Ұлы Жібек жолы елдері Дизайнерлер одағының сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Онда мәдени дәстүрлер мен заманауи трендтерден шабыттанған топтамалар көрсетілді.

«Форумға Қазақстан атынан мені шақырған екен. Екі-үш ай бойы келіссөз жүргізіп, туған елдің атынан бізді таңдағанын жеткізді. Бұл әрине, мен үшін биік мәртебе әрі зор жауапкершілік болды. Іс-шараға өнері арқылы ұлттық мәдениетті дамытып жүрген бес елдің мықты әйелдері жиналды.  Өте іскер, өнерлі, жалындаған өкілдер бас қосты дей аламын. Ұйымның алдағы мақсаттары керемет. Идея авторы, БҰҰ шығармашылық резервінің мүшесі, жібек бойынша суретші Фан Яньянмен жақын сөйлесіп, сұқбат құрдық. Менің апарған жұмыстарым Қытай делегациясына өте ұнап, жоғары бағасын берді. Осы жылдың қазан айында Қытайдың мәдени және тарихи орталығы Сиань қаласында өтетін көрмеге құрметтеп шақырды. Заманға сай ұлттық өнерімізді әлем елдері алдында абыроймен дәріптеп келгеніме қуаныштымын», - дейді қазақстандық суретші Сәуле Бапанова.

Бішкекте өткен іс-шара Жібек жолы елдері арасындағы мәдени алмасу мен ынтымақтастықты нығайтудың тамаша алаңына айналды. Жиналған көпшілік Жібек жолы елдерінің өзара өнер ынтымақтастығының бастамасы болатын меморандумға қол қойылғанына куә болды. Бішкек университетінің жанынан Жібек жолы елдерінің өнеріне арналған зертхана ашылды. Сонымен қатар Жібек жолы дизайнерлер одағын құрып, оның президенті болып Қырғыз елінің өкілі Дильбар Ашимбаева сайланды. Расында да, мәдениет жүректерді жақындастырады, ал өнер әлемді біріктіреді. Ұлттық өнер бірегейлікті айшықтап, өркениеттер диалогына себепкер болатын зор әлеуетке ие екенін осы форум тағы бір рет дәлелдей алды.

Алма САЙЛАУҚЫЗЫ

Фото: автордан

Байланысты жаналықтар

Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

02.12.2024

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

28.11.2024

Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыс мектептері ашылады

27.11.2024

Сарапшы: Қазақстан үшін дипломатиядан мықты айла болмай тұр

27.11.2024

Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі

27.11.2024

Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

22.11.2024
MalimBlocks
Мемлекет басшысы Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың ықпалдастығы қарқынды әрі сан қырлы сипат алғанын айтты

Астанада Қазақстан-Ресей сарапшылар кеңесі өтті

Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыс мектептері ашылады

Путин Тоқаевқа орыс тілін қорғап, халықаралық ұйым құрғанына алғыс айтты

Сарапшы: Қазақстан үшін дипломатиядан мықты айла болмай тұр

Бірақ бейбіт атом туралы Қазақстан президенті ештеңе демепті

Қазақстан мен Ресей: стратегиялық серіктестіктің жаңа көкжиегі

Қазақстан мен Ресейдің сауда-экономика саласындағы ықпалдастығы тұрақты түрде дамып келеді

Премьер-министр Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі және басқа да мәселелерге назар аударылды