Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Дала Қырандары» футболдан Қазақстан құрамасына қолдау көрсетті

Спорт
«Дала Қырандары» футболдан Қазақстан құрамасына қолдау көрсетті

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі кезекті ойынын Астанада Лихтенштейнмен өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Осы матчта стадионда футболшыларды белсенді қолдағандар қатарында «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің өкілдері де болды.

«Лихтенштейнмен өткен матчта Қазақстанның ұлттық құрамасын қолдауға бардық. Еліміздің футбол тарихында алғаш рет туымыз қырандарымыздың күшімен бүкіл стадионды шарлады. Жігіттерді бар даусымызбен, эмоциямызбен, энергиямызбен қолдадық. Ал команда өзіне тән мінезбен жауап берді — 4:0 есебімен сенімді жеңіс!» - деп жазды ұйым өкілдері.

Айта кетейік, «Дала Қырандарына» әртүрлі отбасылардан шыққан, өмірлік тәжірибесі әртүрлі жастар келеді.

Еске салсақ, ойын 4:0 есебімен Қазақстанның пайдасына шешілді. 

Фото авторы: Нұрғали Жұмағазы

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу