Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәретханада ұзақ отырған қызметкерді бастығы жұмыстан қуып жіберді

Әлем
Дәретханада ұзақ отырған қызметкерді бастығы жұмыстан қуып жіберді
sasirin pamai / Shutterstock / Fotodom

Қытайда Ли есімді инженер өзін дәретханаға жиі шықты деген себеппен қызметтен босатқан компанияны сотқа берді, деп хабарлайды Malim.kz. 

South China Morning Post басылымының жазуынша, сот барысында компания өкілдері бейнебақылау камераларынан алынған жазбаларды ұсынды. Онда қызметкердің бір ай ішінде дәретханаға 14 рет барғаны, ал әр үзілістің бір сағаттан аса уақытқа созылғаны көрсетілген. Ең ұзақ үзіліс төрт сағатқа дейін жеткен.

Ли мұндай жағдайдың денсаулығына байланысты екенін айтып, геморрой дертімен ауырғанын алға тартты. Ол мұны дәлелдеу үшін дәрі-дәрмек сатып алған түбіртектер мен операцияға қатысты құжаттарды ұсынған.

Алайда сотта бұл медициналық құжаттардың қызметкер жұмыстан шығарылғаннан кейін рәсімделгені белгілі болды. Компания өкілдері Ли денсаулығына байланысты қиындықтары бар екенін алдын ала басшылыққа хабарлап, еңбек шартында көрсетілген тәртіпке сай еңбекке жарамсыздық парағын уақытында алуы керек болғанын атап өтті.

Сот Лидің дәретханада қажетті мөлшерден әлдеқайда көп уақыт өткізгенін мойындады. Соған қарамастан, компания қызметкердің ұйым дамуына қосқан үлесін ескере отырып, оған 30 мың юань (шамамен 2,2 миллион теңге) көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу