Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәретханаға кезексіз кірмек болған 73 жастағы ата ажал құшты

Әлем
Дәретханаға кезексіз кірмек болған 73 жастағы ата ажал құшты
Thinnapob / Getty Images

Сингапурде қоғамдық дәретхана алдындағы кезекке байланысты туындаған жанжал қайғылы жағдайға ұласты. Қақтығыс салдарынан 73 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz. 

Mothership басылымының жазуынша, оқиға 21 желтоқсанға қараған түні орын алған. Марқұм Фу Суан Чу Fork & Spoon дәмханасының верандасында жалғыз өзі ішімдік ішіп отырған. Сол маңда 57 жастағы Тео Энг Чай да алкогольдік ішімдік ішкен. Дәретхана бос болмай, Чу кезегін күткен. Алайда дәретхана ашылған сәтте Чай кезексіз кірмек болып, екеуінің арасында сөзге келу басталған.

Келіспеушілік төбелеске ұласып, Чай қарсыласын бас тұсынан ұрған. Салдарынан Чудың көмейіндегі қалқанша шеміршегі сынып, ауыр жарақат алған. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Зардап шеккен қарт шұғыл түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Күдікті Тео Энг Чай болған жайтқа қатысты түсініктеме беруден бас тартқан. Қазіргі уақытта ол қамауда, ал іс бойынша алғашқы сот отырысы 30 желтоқсанға белгіленген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу