Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәрігерлерге шабуылдайтындарды қатаң жаза күтіп тұр

Құқық
Дәрігерлерге шабуылдайтындарды қатаң жаза күтіп тұр

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлеріне шабуылдайтындарға жаза қатаң болатынын айтты,  - деп хабарлайды Malim.kz.   

Медициналық қызметкерлер өз міндеттерін атқару кезінде оларға жасалған шабуылдар мен денсаулықтарына зиян келтіргені үшін жауапкершілікті күшейтуге қатысты нормаларды бүгін Бас прокуратура қолдады. Тиісті нормалар қазіргі уақытта мемлекеттік келісуден өтіп жатыр, оларды Денсаулық сақтау министрлігі бастамаға алды, - деді Әлназарова Мәжілісте өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, жаңа нормалар биыл қабылданады.

Парламент депутаттарының қолдауымен, олар бұл норманы бізбен бірге талқылап, қолдап отыр. Ойлаймын, осы жылдың ішінде Қылмыстық кодекске тиісті бап енгіземіз. Бұл қызметтік міндеттерін атқару кезінде медициналық қызметкерлерге қатысты қандай да бір әрекет жасаған азаматтардың қылмыстық жауапкершілігін күшейту болады, - деп толықтырды министр.

Фото: pixabay.com  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу