Бұл туралы футболшы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.
«Өкінішке қарай, мен алдағы ұлттық құраманың ойындарына қатыса алмаймын. Соңғы матчта жарақат алдым. Медициналық штаб құраманың матчтарына қатысуыма шектеу қойды. Қазір жаттығу жасап, тезірек сауығып кетуге тырысып жатырмын. Барлық қолдау білдірген жандарға үлкен рақмет», – деп жазды футболшы.
Бұған дейін Сатпаевтың құраманың шақыруынан әдейі бас тартып жүр деген қауесет тараған еді, алайда ол енді жағдайды өзі түсіндірді.
Фото: "Қайрат" ФК