Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дәулет Мұқаев іш киімдерін қалай жинайтынын көрсетемін деп сынға қалды

Қоғам
Дәулет Мұқаев іш киімдерін қалай жинайтынын көрсетемін деп сынға қалды

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында үйіндегі киімі тұратын шкафын көрсетемін деп басы дауға қалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мұқаев іш киімін жеке сөрелерге салып, ал киімін ұқыпты етіп жинап қоятынын көрсеткісі келген, алайда  мәжілісменнің бұл әрекеті оқырманның көңілінен шықпады.

Ал шкафтарды ақтарсақ ақтарайық. Киімдердің барлығын осылай ретімен жинап қойғанды жақсы көремін. Жапондарда мұны кайдзен дейді. Әрине, мұнда барлығы жуылған, таза киімдер. Оның барлығын жуып-тазалап қоятын, менің әйелім, деді депутат.

Дегенмен депутаттың іш киімдерін жалпақ жұртқа көрсеткені көпшілікке ұнамаған тәрізді.

«Депутаттың көрсететін нәрсесі ме?», «Халыққа айтатын ештеңесі қалмаған соң, осыны көрсетіп жатыр», «Бұл елде басқа мәселе жоқ қой», деп жарыса жазды жұрт.

Фото: malim.kz

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу