freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дауыл, бұршақ және 42 градусқа дейінгі аптап: Синоптиктер ескерту жасады

Қоғам
Дауыл, бұршақ және 42 градусқа дейінгі аптап: Синоптиктер ескерту жасады
Фото: magnific.com

«Қазгидромет» 2026 жылғы 22 маусымға арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Астана, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл және екпінді жел болжануда. Желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін жетсе, жекелеген аудандарда 23-28 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Сонымен қатар көптеген облыста аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Ұлытау және Павлодар облыстарының кей аудандарында ауа температурасы +41…+42 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер елдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертті.

Астанада күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтерілсе, Шымкентте қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, ауа райы болжамдарын қадағалап отыруға және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстануға шақырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу