3,5 млн адам онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай жүр – Аймағамбетов

Malim Админ

  • 24.12.2024

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов 3,5 миллион азаматымыз онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай отырғанын айтты.


- 3,5 миллион азаматымыз онкологияны ерте анықтайтын скринингтен өте алмай отыр, себебі олар МӘМС-ке жарна төлемейді. Бұл — бүгінгі күннің шындығы. Бірақ қатерлі ісік — ұзақ уақыт бойы еш белгі бермейтін қауіпті ауру. Ал алғашқы белгілері пайда болғанда, көп жағдайда тым кеш болып жатады: метастаздар, ауырсыну, жоғалған өмірлер, - деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Асхат Аймағамбетов мәселені шешу үшін бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеліп жатқанын айтты.

- Бұл тек статистика емес — бұл мыңдаған отбасының трагедиясына айналуы мүмкін. Бұл біздің достарымыз, көршілеріміз, туыстарымыз. Бұл мәселені шешу үшін бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Жақында барлық азамат үшін, оның ішінде МӘМС-ке жарна төлемегендер үшін де, онкологиялық скринингті қолжетімді етуді қарастыратын түзету енгіздік. Иә, бұл қосымша қаржы талап етеді, бірақ бұл көптеген адамның өмірін құтқарады, - деді Асхат Аймағамбетов.

Ол қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау мемлекетке кеш анықталған жағдайларды емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік беретінін айтты.

- Адамгершілік тұрғысынан бұл — дұрыс шешім. Ал экономикалық тұрғыдан бұл — прагматикалық қадам. Себебі қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау мемлекетке кеш анықталған жағдайларды емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау министрінің біздің осы бастамамызға белсенді түрде қолдау көрсетіп жатқаны қуантады. Үкімет те өз қорытындысын беріп , бұл бастамамызды қолдады. Келесі жылы бұл заңды қабылдап, мыңдаған адамның өмірін құтқара аламыз деп жоспарлап отырмыз. Бұл жай ғана сандар емес. Бұл - біздің азаматтарымыздың өмірі, - деді ол.

Фото: egemen.kz

 

Байланысты жаналықтар

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

18.05.2025

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

18.05.2025

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

15.05.2025

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

15.05.2025

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025
MalimBlocks
Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Смартфонға тәуелді жігіттің басы "салбырап" қалған

Денсаумин Қазақстандағы Covid-19 жағдайына байланысты мәлімдеме жасады

Медициналық орталық Сара Назарбаеваға қатысты сұраққа жауап берді

Ұлытау ұлы рухпен алға озды: «Ұлы дала жорығы-2025» мәресіне жетті

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі