400-ден астам бала уланған мектеп асханасынан түрлі бактериялар табылды

Арман Қайыпхан

  • 16.09.2024

СЭС Маңғыстауда мектеп оқушыларының неден уланғанын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығы зертханасының мамандары эпидемиологиялық тексеру жүргізді. Тексеру барысында мамандар дайын өнімнен, судан сынама алып, асхана қызметкерлерінен анализдер алды.

Мамандар өрескел санитарлық бұзушылықтарды анықтады.

Мысалы, дайындалған тағам үлгілерінен патогенді бактериялар табылса, мектеп асханасынан алынған сүртінді сынамаларының 20 %-да ішек бактериялары бар екені дәлелденді.

Мектеп асханасында жұмыс жасайтын 10 қызметкерден, 1 медициналық қызметкерден және 1 жеке кәсіпкерден алынған бактериологиялық тексеруге нәтижесінде - 6-маманнан стафилакок таяқшалары анықталды. Сондай-ақ, асханадағы ыдыс жуушы қызметкері – дизентерия бактериясын тасымалдаушы екені зертханалық түрде дәлелденді. Ол балаларға ас таратушы болып қызмет арқарып, тамақты ластаған. Медициналық құжаттарды тексеру барысында 4 асхана қызметкерінің жалған медициналық тексеруден өткені анықталды. Облыстық прокуратура мен облыстық ішкі істер департаментіне хат жолданды. Мұнайлы аудандық Полиция басқармасымен №244450031000356 қылмыстық кодекстің 1 бөлімі, 304 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды, — деді Маңғыстау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Асылбек Шаров.

Еске салсақ, Маңғыстауда 60-қа жуық оқушы астан уланған болатын. Бүгін барлық оқушы ауруханадан шығарылған еді.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

16.04.2025

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

12.04.2025

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

05.04.2025

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

05.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025
MalimBlocks
Елімізде нәресте мен ана өлімі азайған

Былтыр 367 мың әйел сәтті босанған, ал пренаталды скринингпен қамту көрсеткіші - 90 пайыз

Жамбыл облысында екпе салдырған екі жігіт қайтыс болды

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр

Декреттен алған ақшаны оңды-солды шашқан әйелдер соттағалы жатыр. Бұл мәліметті Ulysmedia.kz тілшісіне Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты

ШҚО-дағы медициналық мекемелер қарыздарын толық жабуды көздейді

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды