Семей түрмесінде отырған әйел қатерлі ісік ауруын жеңіп шықты

Арман Қайыпхан

  • 07.09.2024

Павлодар қаласының 45 жастағы тұрғыны ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалып, сотталған болатын, деп хабарлайды Malim.kz.

Алайда есепте тұрғанда пробациялық бақылаудан жалтарып, жаза өтеу тәртібін бұзғаны үшін оның жаза мерзімі бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

2023 жылдың шілдесінде Абай облысының әйелдер колониясына жазасын өтеу үшін келді. Медициналық қызметкерлердің жоспарлы тексеруі кезінде мамандар сотталған әйелден сүт безі қатерлі ісігінің бар болуы мүмкін деп күдіктенді. Диагнозды растау үшін медицина қызметкерлері толық тексеруді бастады. Әйелдің диагнозы расталып, сол жылдың қазан айында Семей қаласының онкологиялық ауруханасында ота жасалды.

Отадан кейінгі кезеңде сотталған әйел химиотерапия мен сәулелік терапия алды. Тексерулер мен талдаулар үшін денсаулық сақтау ұйымдарына бірнеше рет шығарылды. Сонымен  қатар жазасын өтеуші әйелмен колония психологтары жұмыс істеді. Ол үлкен сынақ жолынан өтті, онымен бірге біз де, жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдерде  оған алаңдадық. Қазіргі уақытта бәрі артта қалды. Ол мүлдем сау адамдай босатылып шықты. Біз енді оның  ешқашан заңды бұзбайтынына сеніп, үміттенеміз. - деді мекеме бастығы…

Жазылып шыққан әйел мекеме әкімшілігіне, қамқорлығы мен көмегі үшін өте ризашылығын жеткізді.

Қазір менің жағдайым әлдеқайда жақсы, мен бұл ауруды жеңіп шықтым және менің ойымша,алдағы уақытта  бәрі жақсы болады. Мені үйде 12 және 10 жастағы екі ұлым күтуде. Енді осы қиындықтарды жеңе отырып, бізде мүлдем басқа өмір болатынына сенімдімін. Менің түсінгенім: бастысы-өмір сүруге деген ұмтылыс екені деп бөлісе кетті сотталған әйел.

Фото: gov.kz

Байланысты жаналықтар

Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ

02.04.2025

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

01.04.2025

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

30.03.2025

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

30.03.2025

Ұлыбритания королі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

28.03.2025

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты

26.03.2025
MalimBlocks
Әлем бойынша жаңа пандемия басталуы мүмкін - ДДСҰ

«Қоштасып келіп едім»: Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы сыр бергенін айтты

Ол тұра алмай қаламын деп қорыққан.

«Елім саған айтам, Елбасы сен де тыңда!» - 10-шы хат

Қызық жағдай кинoда бoлып жатыр. Бұрын «талантты, маман кинo рeжиссeрлeрi жeтпeйдi» дeп қиналатынбыз. Eндi eлугe жуық рeжиссeр бар, ал қoятынымыз – жылына бiр фильм. Бiр кeздeгi eң таңдаулы кинo қалашығы қаңырап тұр. Oл да шeтeлдiктeргe жалға iстeп жатыр.

Онкологиялық тексерістен кімдердің тегін өтетіні белгілі болды

Скринингтен өту керектігі жайлы медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары пациентке қоңырау салу, SMS жолдау арқылы хабарлайды

Ұлыбритания королі шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

Ұлыбритания королі III Чарльз ауруханаға түсті

Лифтіде баланы пышақтаған жасөспірімнің анасы ұлын емдеуден бас тартты