Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Дональд Трамп Тоқаевты АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырды

Саясат
Дональд Трамп Тоқаевты АҚШ-та өтетін G20 саммитіне шақырды
Фото: Ақорда

АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты 2026 жылы Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Бүгін таңертең мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тамаша телефон әңгімесін өткіздім. Біз қазіргі қақтығыстарда бейбітшілікті орнатудың маңызын, сондай-ақ елдеріміз арасындағы сауда мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқыладық. Екі елмен де қарым-қатынасымыз өте әсерлі. АҚШ келесі жылы G20 саммитін қабылдайды және біз бұл аса маңызды іс-шараға Майамиде қонақ ретінде қосылу үшін осы көшбасшылардың екеуін де шақырамыз», – деп жазды АҚШ президенті.

G20 – құрамына 19 мемлекет, Еуропалық одақ және Африкалық одақ кіретін үкіметаралық форум.

Саммит отырыстарына сондай-ақ БҰҰ, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Олар жаһандық экономиканың негізгі мәселелерін шешумен айналысады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу