457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бірнеше өңірде бұршақ жауып, дауыл тұрады

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 7 тамызда Қазақстанның 16 өңірінде, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларында дауылды ескерту жарияланды.


Астанада күндіз найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді.

Шымкентте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысында түнде шығыста, орталықта найзағай, ал күндіз батыста найзағай мен бұршақ болады. Түнде және таңертең солтүстікте тұман. Желдің бағыты батыс пен солтүстікте солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі өте жоғары.

Ақтөбе облысында түнде батыс, солтүстік және орталықта найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық — 37°C. Өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысында күндіз солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел. Түнде батыс пен оңтүстікте найзағай. Желдің екпіні 15-25 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында түнде шығыста найзағай, күндіз қатты ыстық — 35-38°C. Солтүстік пен шығыста өрт қаупі өте жоғары.

Алматы облысында таулы аймақтарда найзағай, ал батыс пен солтүстікте күндіз аптап ыстық — 35°C. Өрт қаупі өте жоғары.

Шығыс Қазақстан облысында түнде батыс, солтүстік және шығыста найзағай, күндіз шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысында таулы аймақтарда найзағай. Жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік пен шығыста найзағай, бұршақ. Желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте күндіз 35°C ыстық. Өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысында батыс пен шығыста найзағай, күндіз батыста бұршақ, түнде және таңертең шығыста тұман. Оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары.

Қостанай облысында батыс, солтүстік және шығыста найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстікте 35°C ыстық. Өрт қаупі өте жоғары.

Қызылорда облысында күндіз найзағай, дауылды жел және шаңды дауыл. Желдің екпіні 15-20 м/с. Өңірдің оңтүстігінде өрт қаупі өте жоғары.

Маңғыстау облысында күндіз аптап ыстық — 38-40°C. Өрт қаупі өте жоғары.

Павлодар облысында күндіз батыс, солтүстік және шығыста найзағай, түнде тұман.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай, бұршақ және дауылды жел. Түнде найзағай, түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні 15-25 м/с.

Түркістан облысында таулы асуларда желдің екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі өте жоғары.

Ұлытау облысында солтүстік, шығыс және орталықта найзағай. Оңтүстікте өрт қаупі өте жоғары.

Фото: freepik.com