БҚО-да табылған киік өлекселері өңір тұрғындарын алаңдатып қойды

Бірақ мамандар ауру емес, табтиғи өлім екенін айтады

Мәди Саматұлы

  • 20.10.2024

Батыс Қазақстанда мессенджерлер арқылы таралған бейнежазбадағы өліп жатқан киіктердің көрінісі үлкен алаңдаушылық туғызды. КТК телеарнасының хабарлауынша, бейнематериалдарда өліп қалған және әлі тірі, бірақ ауыр тыныс алып, құрысып жатқан киіктер көрсетілген. Жергілікті тұрғындар бұған дейін пастереллезден мыңдаған киіктің қырылғанын жақсы біледі, сондықтан жаңа аурулардан қауіптеніп отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Мамандар оқиға орнына барып, әзірге тек жеті өлі киік тапты. Алайда олардың неден өлгенін анықтау мүмкін болмады, өйткені денелері шіріп кеткен. Дегенмен, инспекторлар жануарлардың жағдайы тұрақты түрде бақыланып отырғанын және алаңдауға негіз жоқ екенін айтты. Табиғи өлім әрқашан болған және бұның да табиғи құбылыс екеніне сендірді.

Киік өлекселері өзара әрекет схемасына сәйкес арнайы мал қорымына көмілді. Қыркүйекте Ұлттық ветеринария референттік орталығының мамандары адамдар мен жануарлар үшін аса қауіпті түрлі ауруды зерттеу үшін ақбөкендердің ұшасынан сынама алды. Осы сынамалардың нәтижелері бойынша теріс нәтиже көрсетілді, яғни ешқандай ауру, соның ішінде пастереллез анықталған жоқ, деді Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Арман Ізімғалиев.

Фото: скриншот

Байланысты жаналықтар

БҚО-да сотталған адамды түрмеде жалаңаш жұмыс істеткен

20.05.2025

Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті үй жағынан табылды

08.05.2025

Қазақстан мен Ресей киіктерге қатысты келіссөз жүргізіп жатыр

01.05.2025

Қызылша жұқтырған балалардың көбі – екпе алмағандар

29.04.2025

Батыс Қазақстанда тікұшақ ұшып, жарылыс болды. Полиция не дейді?

25.04.2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

22.04.2025
MalimBlocks