Маңғыстауда мұнай компаниясы табиғатқа тигізген зияны үшін өтемақы төлеп бастады

Алғашқы төлем былтыр желтоқсанда түскен

Мәди Саматұлы

  • 11.01.2025

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы газдың жануына келтірілген залал үшін өтемақы төлеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокурорлары жер қойнауын пайдаланушы – «БузачиНефть» ЖШС газды жағу салдарынан мемлекетке келтірілген 2,2 миллиард теңге көлеміндегі экономикалық залалды өтеуіне шаралар қабылдаған.

Еске салайық, 09.06.2023ж. «Қаратұрын Оңтүстік» кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су қоспасының атқылап, одан әрі өртенген еді. Бұл апатты жоюға 6 айға жуық уақыт кетті.

Соған байланысты 17 желтоқсанда мемлекет кірісіне 270 млн теңге алғашқы төлем түскен.

Бұдан басқа, бұған дейін табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша осы апатқа байланысты экологиялық нормаларды бұзғаны үшін «БузачиНефть» ЖШС-ға 362 млн теңге айыппұл салынып, ол толық төленген.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

17.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

11.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

04.04.2025

Мұнай бағасы құлдырап жатыр

04.04.2025
MalimBlocks
Чехия Ресей мұнайынан толықтай тәуелсіз болғанын жариялады

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Әлемде мұнай бағасы тағы да құлдырап жатыр

Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 63 долларға дейін түсті

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

Мұнай бағасы құлдырап жатыр

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы күрт төмендеп жатыр. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден импортталатын тауарларға жаңа кедендік баж салығын енгізу туралы шешіміне байланысты