Өрт кезінде алгоритм жұмыс істемеді – Бектенов кінәлілерді жазалауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды

Сұлу Бөлек

  • 15.04.2025

Премьер-министр Олжас Бектенов өрт сөндіру алгоритмін орындамау деректері бойынша тергеу жүргізуді тапсырды, - Malim.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда өртке жедел әрекет ету үшін жаңа іс-қимыл алгоритмі әзірленген. Алайда Павлодар және Абай облыстарындағы алғашқы табиғи өрттер бұл алгоритмнің орындалмағанын көрсетті.

"Абай облысында орман мекемелерінің қызметкерлері болған өрт туралы ТЖМ, ІІМ және Қорғаныс министрлігін дер кезінде хабардар етпеген", – деді ол.

Бектеновтің айтуынша, Павлодар облысында да ұқсас жағдай болған.

"Экология министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Ішкі істер министрлігіне екі өңірдегі өрт деректері бойынша тергеу жүргізуді, тиісті шаралар қабылдап, кінәлілерді жазалауды тапсырамын", – деді премьер-министр.

Үкімет басшысы атап өткендей, жүргізілген тексерулер табиғи өрттердің алдын алу және жою бойынша іс-шаралар жоспары барлық өңірде тиісті деңгейде жүзеге аспай жатқанын көрсетті.

"Осыған байланысты өңір әкімдеріне өрт қауіпті маусымға дайындық жұмыстарын жандандыруды және бұл мәселені жеке бақылауға алуды тапсырамын", – деп мәлімдеді Бектенов.

Еске салайық, бұған дейін Астанада алты қабатты жатақханада өрт болған. Құтқарушылар ғимараттан 50 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялаған.

Сондай-ақ, Абай облысы Бесқарағай ауданының ауылдық округі аумағында табиғи өрт шыққаны хабарланған. Қоянбай ауылында құрғақ шөп жанып, жалын орман алқабына таралған.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

13.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

10.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

LRT ісіндегі басты күдіктілер анықталды

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

Банк қызметкерлерінің үстінен алаяқтықпен байланысты 61 іс тергеліп жатыр

Клиентке биометриялық сəйкестендіру жəне ЭЦҚ құралдары бір мезгілде қолданылған кезде ғана шарт жасасуға рұқсат етіледі

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды