Қай облыстарда су тасқыны болуы мүмкін?

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты

Сұлу Бөлек

  • 15.04.2025

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұсынбаев Үкіметтегі брифингте су тасқынының келесі кезеңі қай облыстарда күтілетінін айтты, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

"Су тасқынының келесі кезеңі Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында күтіледі. Бұл өңірлердегі алдын алу шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Күштер мен құралдар резерві, оның ішінде әскери бөлімдер алдын ала жіберілді. Жағдайды бақылауда ұстаудамыз, күштер мен құралдар қосымша жөнелтуге дайын тұр", - деді Төтенше жағдайлар вице-министрі.

Оның айтуынша, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері елде шамамен 4,3 млн текше метр су сорылды. 600 мыңнан аса құм салынған қаптар төселіп, сегіз жүз шақырымнан астам арық тазартылды. Сонымен қатар, алдын ала 383 адам эвакуацияланды.

"51 мыңнан астам мал қауіпсіз орындарға айдалды, барлығы кері қайтарылды. Автомобиль жолдарын су шайған 176 жағдай мен су жырып өткен 25 учаске тіркелді. Қазір бақылауда тұрған 21 автожол мен су жырып өткен 5 учаске бар", - деп мәлімдеді Кеген Тұсынбаев.

Фото: Pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

08.05.2025

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

07.05.2025

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді

05.05.2025
MalimBlocks
Ақмола облысында су тасқынына жол берген ауыл әкімі сотталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Алматыда жер сілкінді

Астанада «Шапағат» базары өртеніп жатыр

Базар аумағындағы бутиктердің бірі отқа оранған

Қарағанды облысындағы 5 су қоймасы 100% толды

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті күшейтеді