freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Экология
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК 27–29 маусымға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері белсенді циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Күндізгі ауа температурасы республиканың батысы мен солтүстік-батысында 18-26 °C-қа дейін төмендейді. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстықтың аздап бәсеңдеуі күтіліп, ауа температурасы +28...+38 °C аралығында болады. Солтүстік өңірлерде күндіз +22...+30 °C күтіледі.

Сонымен қатар Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталық өңірлерінде ыстық ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +33...+38 °C-қа дейін көтеріліп, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық +40 °C-қа дейін жетеді деп болжануда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу