АШМ: 32 млн малға 23 млн тонна жем-шөп дайын

  • 24.09.2021

Елімізде 32,8 миллион бас малды қыстан аман-есен алып шығу үшін 23,2 млн тонна шөп дайындалғанын хабарлады ауыл шаруашылғы министрлігі.

Министрліктің мәліметінше,3,2 млн гектар алқаптан екпе шөп орылып, 2,6 млн гектар егістен мал жемі дайындалған.  2021 жылдың 22 қыркүйегіндегі есептері бойынша, 23,2 млн тонна шөп жиналған.

«Бұл жоспардың (23,8 млн тонна) 98%-ға орындалғанын көрсетеді. Бұдан бөлек, 1,5 млн тонна (94%) пішендеме, 1 млн тоннадан астам (53%) сүрлем, 2,9 млн тонна (61%) сабан дайындалды» дейді ресми хабарлама.

Биылғы құрғақшылық мал азығы қорын жинауға қиындық туғызды. Жайылымдардың басым бөлігі өртеніп,табиғи шабындық жерлерде де шөп қалың болмады. Үкімет пен тиісті министрлік жем-шөп дайындау ісінде жергілікті және орталық атқарушы органдардың қызметін үйлестіріп, республикалық жедел штаб құрып, әрекет етті.

Құрғақшылық қысқан аймақтарға қаржылай көмек те көрсетті.  

«Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында жем-шөп сатып алуға Үкімет резервінен 3,6 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда Маңғыстау облысында 1,2 млрд теңге игеріліп, 632 шаруа қожалығы мен 6021 жеке қосалқы шаруашылықтың шығыны төленді. Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлініп, оның 1 млрд теңгесі 692 шаруа қожалығының шығынын өтеуге жұмсалды.Маңғыстау облысының әкімдігі жергілікті бюджеттен шөп пен жем сатып алуға қосымша 5,3 млрд теңге (1,9 млрд теңге – 26 мың тонна шөп сатып алуға және 3,4 млрд теңге – 34 мың тонна жем сатып алуға) бөлді» дейді министрлік баспасөз баяндамасы.

Ал жем-шөп бағасының қымбаттауына байланысты бірқатар облыс әкімдіктері (Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, СҚО, Атырау, Шымкент қ.) мал азығын сатып алу құнын арзандату үшін жергілікті бюджеттен 13,6 млрд теңге қаржы бөліпті. Ақтөбе облысы биыл 6,7 млрд теңге бөліп, облыстың барлық агроқұрылымдарын субсидиямен қамтыған.

Сондай-ақ, малға беретін шөп түрлерін ел аумағынан шығаруға уақытша тыйым да салынған еді.

 

Байланысты жаналықтар

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

13.05.2025

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

17.04.2025

Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

02.04.2025

Орнықты даму жолындағы оң өзгерістер 

18.03.2025

Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

25.02.2025
MalimBlocks
Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Қазақстанда медициналық мақсатта қарасора өсіріледі

ШҚО әкімі Ұлан ауданының ірі агро нысандарын аралады

Кәсіпорынның материалдық-техникалық базасында 9 жүк көлігі мен 21 трактор бар

Мектептерде жаңа пәндер пайда болуы мүмкін

Енді мектептерде ауыл шаруашылығы саласына мамандар дайындауға бағытталған жаңа пәндер пайда болуы мүмкін. Бұл мәселені депутаты Қарақат Әбден көтерді

Орнықты даму жолындағы оң өзгерістер 

Соңғы алты жылда сыртқы сауда айналымы бір жарым есеге, 94,8 миллиард доллардан 141,4 миллиард долларға дейін өскен

Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаржы бөлді