Базалық мөлшерлеме 14,25% деңгейінде қалды

Арман Қайыпхан

  • 11.10.2024

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жылдық инфляция шілдеде өскен соң тамыз, қыркүйек айларында байыппен төмендеуін жалғастырды. Айлық инфляция орташа тарихи мәндерден және көктем кезі мен жаз басында байқалған деңгейлерден жоғары қалыптасып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі төмендеп келеді, бірақ оның қарқыны әлі де баяу. Қыркүйек айында халықтың инфляциялық күтулері өсті. Сыртқы ортаның тәуекелдеріне әлемдік нарықтардағы азық-түлік бағасының өсуі және Ресейдегі жоғары инфляция жатады. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тарифтердің өсуінің жалғасуы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ инфляциялық күтулердің артуы есебінен сақталып отыр, - дейді Ұлттық банк.

Ортамерзімді перспективада инфляция бойынша 5% мақсатқа қол жеткізу ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді.

Жылдық инфляция әлі де таргеттен едәуір алшақ, дегенмен 2024 жылғы қыркүйек айында ол 8,3%-ға дейін төмендеді. Жалпы инфляцияның динамикасы Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Азық-түлік тауарларының неғұрлым төмен инфляциясы баға өсімінің баяулауына үлес қосуда. Дегенмен ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер бағасы, сондай-ақ импорттық баға қайта өсе бастады. Жылдық инфляцияның құрамында жүргізіліп отырған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы және бірқатар нарықтық қызметтердің қымбаттауы аясында ақылы қызметтер бағасы ең жоғары өсімді көрсетті, - деп мәлімдеді Ұлттық банк.

Фото: Ұлттық банк

Байланысты жаналықтар

Бүгін: Доллар бағамы

17.10.2024

Елімізде доллар қымбаттады

03.10.2024

Шілдеде «7-20-25» бағдарламасы аясында 723 қарыз берілді – Ұлттық банк

03.08.2024

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

29.07.2024

Сәуір-маусым аралығында халық 779 келі алтын сатып алған

22.07.2024

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

16.07.2024
MalimBlocks
Бүгін: Доллар бағамы

Елімізде доллар қымбаттады

Шілдеде «7-20-25» бағдарламасы аясында 723 қарыз берілді – Ұлттық банк

Ал берілген несие көлемі 12 млрд теңге

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай

Ұлттық банктің 29 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,83 теңге.

Сәуір-маусым аралығында халық 779 келі алтын сатып алған

Ең көбі алматылықтарға тиесілі

Тоқаев Ұлттық банк төрағасына бірқатар тапсырма берді

Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің биылғы жартыжылдықта жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берді.