Capital Bank мүлкі жарты миллиард теңгеге сатылғалы тұр

Capital Bank бизнесмен Орифджан Шодиевқа тиесілі. Орифджан Шодиев – миллиардер Патох Шодиевтың туысы.

  • 27.09.2021

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры лицензиясынан айырылған Capital Bank-тің мүлкін сатуға кірісті деп хабарлайды malim.kz   

Банктің Алматы қаласы Назарбаев бойында орналасқан бөлімшесі үшін сатушы 531 млн теңге сұрайды. 30 қыркүйек күні өтетін аукцион кезінде бастапқы баға көтерілуі не түсуі мүмкін.  Естеріңізге салсақ, Capital Bank Kazakhstan ақционерлік қоғамы банктік және өзге де операциялар мен қызметті жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, банк пруденциялық нормативтерді бұзып келген.

«Лицензиядан айыру күнгі жағдай бойынша банк активтерінің мөлшері 38,5 млрд теңге, несие портфелі — 33,9 млрд теңге болды. Оның ішіндегі 30,4 млрд теңгесі, яғни банктің несие портфелінің 89,8%-ы — 90 күннен бері төленбей келген кредиттер», – деп хабарлаған еді агенттік.

Банк салымшылары депозитінің 99 пайызын «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ толық өтейді. Агент банк ретінде «Еуразиялық банк» таңдалды.

Capital Bank бизнесмен Орифджан Шодиевқа тиесілі. Орифджан Шодиев – миллиардер Патох Шодиевтың туысы.

Аделаида Ауеспекова