Ел тарихында айыппұл көлемі алғаш рет 300 млрд теңгеден асты

Айыппұл өсімі 2016 жылдан бері артып келеді

Аялдар Күнтуған

  • 20.01.2025

2024 жылғы әкімшілік айыппұлдардың жалпы көлемі алғаш рет 300 миллиард теңгеден асты. Әкімшілік құқықбұзушылықтар саны 40%-ға жуық өсіп, 10,9 миллионнан 15,1 миллионға дейін жетті. Бұл туралы қоғамдық белсенді Дидар Смағұлов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, бұл өсім 2016 жылдан бастап 8 жыл бойы жалғасып келеді, бірақ тек былтыр 4 149 480 хаттама толтырылып, көрсеткіш күрт өскен. 

Дидар Смағұловтың сөзінше, айыппұл салудың басты мақсаты – қайталанатын құқықбұзушылықтардың алдын алу және ескерту. Бірақ біздің айыппұл жинаушы сала тұрақты түрде бюджетті толықтырудың «үдемелі» көзіне айналып кеткендей.

Меніңше, мемлекет өз азаматтарын қорқытқанша, ұрлықты тоқтатып, бюджет қаражатын маңызы жоқ нәрселерге емес, халықтың игілігіне жұмсағаны дұрыс. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, онда бір жылдан кейін айыппұлдар саны елдегі халық санынан асып кетеді: яғни әрбір нәресте туған сәттен бастап айыппұл төлейтін болады, деп жазды ол.

Сондықтан қоғамдық белсенді сәл кідіріс жасап, басқару тәсілдерін қайта қарап шығу керек екенін айтады. Өйткені мұндай қатаң шаралар еш жерде жоқ.

Мысалы, еркін деп те, демократиялы деп те онша саналмайтын Ресейде 143,8 миллион халық бар, 2023 жылы соттарда қаралған әкімшілік құқықбұзушылықтардың саны бар болғаны 6,14 миллион. Егер соттан тыс айыппұлдарды қосып есептесек, бұл бәрібір біздегі «көрсеткішке» жетпейді, дейді Дидар Смағұлов.

Фото: facebook/Дидар Смагулов 

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

14.04.2025

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

10.04.2025

Қызғалдақ жұлған әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін

07.04.2025

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

04.04.2025

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады

01.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Ер адам жол қиылыстарындағы 52 камераны атып сындырған

Әлеуметтік желіде оны батыр деп жатқандар бар.

Ұлының әрекеті үшін анасы сот алдында жауап берді

Жаңаөзен тұрғыны ұлының мектепке жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған хабар бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қызғалдақ жұлған әйел 12 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін

Қызғалдақ жұлған әйел млндаған теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

5 сәуірден бастап тіркеуден өтпеген мопедтермен жүруге тыйым салынады