Маңғыстау облысында жаңа курортты қала салынады 

Арман Қайыпхан

  • 25.09.2024

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы елдің әр түкпірінде табысты жүзеге асырылуда. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен арнайы барып,  аймақтың туристік әлеуетімен, сондай-ақ көлік-логистикалық тыныс-тіршілігімен жіті танысты, деп хабарлайды Malim.kz.

Іссапар шеңберінде О.Бектенов Ақтау, Құрық теңіз кемежайында болып, одан кейін Кендірлі курорттық аймағына барды. Нысандардың даму бағыттары қаралды.

Құрық теңіз портында 2024 жылдың қаңтарынан бері жүктерді алмастырып тиеу көрсеткіші 1,5 миллион тоннадан асты.  Ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жүк көлемі  2,2 миллион тоннаға дейін жеткізілмек. Биылдан қалмай жоспарланған жұмыстарды соңына жеткізіп,  астық терминалын қолданысқа енгізу көзделуде. Өңірде сонымен бірге логистикалық кластер құрылады және паром флотын жаңғырту жүргізіліп жатыр. Осылайша бір жылда жобалық қуаты 6 миллион тонна жүк тасымалданбақ. Құрық теңіз кемежайы жыл – он екі ай автокөлік және теміржол паромдарын қабылдауға қауқарлы. Бұл мақсатта   арнайы мамандандырылған 4 айлақ жұмыс істеп тұрғаны белгілі.

Кездесуде Олжас Абайұлына химия өндірісі, мұнай өңдеу, энергетика өзге де салалар бойынша қолданылатын қазақ-неміс бірлескен жобасы таныстырылып өтті. Бұл - «жасыл» сутегін өндіруге арналған жүйе. Кәсіпорын 2 млн тонна өнім өндіреді. Оған 50 еуро инвестиция құйылып отыр. Ендігі кезекте су тұщытатын зауыт пен энергиялық қуаты 40 ГВт болатын  Жылу электр станциясын ел игілігіне беру жоспарлануда. Сәйкесінше, халық жұмыс істеп, табыс табады. Яғни, 1800 жұмыс орны ашылғалы тұр.  

Ақтау теңіз сауда порты Транскаспий халықаралық көлік дәлізін өркендетуде айрықша рөлге ие. Кешенді кемежай қазіргі озық халықаралық стандарттарға толықтай сай келеді. Техникалық құрал-жабдықтары түгел.  Нысаннан  11 млн тоннадан астам жүк өтеді. Портта 3 мұнай құюға арналған және 3 құрғақ жүк айлағы бар. Ол  жыл сайын 800 мың тонна ауыл шаруашылық өнімін өткізе алады.  2024 жылғы 8 айда портпен 3 миллион тоннадан астам жүк  Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан, Ресей елдеріне  жөнелтілген.  

Алдағы уақытта Ақтау порты қасынан контейнерлік хаб салынып, өндіріс көлемі ұлғая түспек.

Фото: Үкімет

Байланысты жаналықтар

Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

30.03.2025

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

28.03.2025

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

28.03.2025

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

26.03.2025

Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

24.03.2025

Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты

23.03.2025
MalimBlocks
Үкімет Семей ядролық полигонының жерін ұлыбританиялық компанияға берді

Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

Шығыс Қазақстанда екі әуежайдың құрылысы басталды

Қазақстанда жыныс ауыстыруға бола ма?

Үкімет басшысы мәжілісмен Магеррам Магеррамовтың депутаттық сауалына жауап берді

Бектенов Үкімет отырысында экология министріне ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевқа елдегі қоқыс полигондарының жағдайына байланысты ескерту жасады

Үкімет қытай тарапымен мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден аса мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

Жауын-шашын салдарынан Маңғыстау облысын су басты

Маңғыстау облысында жауын-шашыннан жиналған судан аулалар мен көшелерді су басты