Ресейден кіргізілмекші болған 500 тоннадан астам бидай кері қайтарылды

Астық Шымкентке жеткізілуі керек болған

Мәди Саматұлы

  • 14.09.2024

Биыл 11-12 қыркүйегінде БҚО-ның Ресеймен шекаралас теміржол фитосанитариялық бақылау бекетінде 8 вагон бидай табылып, Ресейге кері қайтарылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, көрші елден келген 526 тонна астық Саратов және Тула облыстарынан Шымкент қаласына жеткізілу керек болған.

Бұл жұмысты өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар ҰҚК ШҚД «Жайық» шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізеді.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі нарықты қорғау және астықты кері экспорттау жағдайларын болдырмау үшін 2024 жылғы 26 шілдеде сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында транзитті қоспағанда, үшінші елдерден және ЕАЭО елдерінен Қазақстан аумағына көліктің барлық түрімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылданған.

Фото: eldala.kz/kz

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Шымкентте нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті