S&P халықаралық агенттігі Kaspi Bank рейтингін көтерді

Сарапшылар Kaspi-дің нарықтағы мықты ұстанымы мен сенімді стратегиясын атап өтті.

  • 15.09.2022

S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Kaspi Bank» АҚ рейтингтерін «BB-»-тан «BB»-ге дейін және «kzA» деңгейінен «kzA+» деңгейіне көтерді. Рейтинг бойынша болжам - «Тұрақты».

Агенттік Kaspi Bank рейтингі бизнесті несиелеу, тұтынушылық несиелеу және төлемдер сегментіндегі дәлелденген стратегиясын және күшті нарықтық ұстанымын көрсететінін атап өтті.

Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

«Kaspi рейтингтерінің кезекті өсуі біздің тамаша командамыздың Қазақстандағы жұмыс сапасын тағы растады. Біз сүйікті тұтынушыларымызды өмірді жақсартатын инновациялық қызметтермен ары қарай да қуанта береміз. Kaspi.kz суперқосымшасын ай сайын 12 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады. Бізбен бірге болғандарыңыз үшін әрқайсыңызға рахмет

Агенттіктің сарапшылары Kaspi өте жоғары табыстылықты сақтайды деп күтеді. ROAE (Орташа меншікті капиталдың рентабельділік коэффициенті) екі жыл бойы 75%-дан жоғары болады. Қажет болса болжанған жоғары табыстылық Kaspi-ге жағымсыз операциялық орта жағдайында ықтимал тәуекелдерді жақсырақ басқаруға көмектеседі.

Байланысты жаналықтар

Kaspi.kz - Қазақстандағы N1 интернет-дүкен

16.09.2022

S&P Global Kaspi Bank-тің рейтингтері бойынша болжамды көтерді

30.06.2021
MalimBlocks
Kaspi.kz - Қазақстандағы N1 интернет-дүкен

Kaspi.kz бесінші жыл қатарынан электрондық коммерцияның көшбасшысы деп танылды

S&P Global Kaspi Bank-тің рейтингтері бойынша болжамды көтерді

S&P Global рейтинг агенттігі «Kaspi Bank» АҚ рейтингтері бойынша болжамды «Жағымды» деңгейіне көтеріп, кредит сапасының жоғарылығын атап өтті