Үкімет шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

Malim Админ

  • 25.02.2025

Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Malim.kz.  


Құжат 2025 жылғы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында қабылданды. Мемлекет басшысының көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылуда. 

Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолжетімді несие арқылы қолдау және шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында қаулыға сәйкес Үкімет резервінен шамамен 116 млрд 772 млн теңге бөлу қарастырылған.

Қаражатты 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу үшін, сондай-ақ отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға бағыттау жоспарланған. Бұл әрі қарай елде өндірілген және құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруға, кейін оны лизингке беруге, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан несие шарттарын кепілдендіру кезінде комиссияны арзандату үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2024 жылғы 7 ақпанда өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарына қаржыландыру көлемін арттыру мақсатында алғашқы 100 млрд теңгені 2024 жылдың желтоқсанында бөлген болатын.

Фото: Gov.kz 

Байланысты жаналықтар

Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

25.04.2025

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

24.04.2025

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

23.04.2025

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

23.04.2025

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

21.04.2025

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы

18.04.2025
MalimBlocks
Бозымбаев Семей орманындағы өртке қарсы жұмыстарды тексерді

Көшербаев FIBA өкілдерімен кездесті

FIBA - Халықаралық баскетбол федерациясы

Олимпиадада жүлде алған спортшыларға сыйақы ақыры берілетін болды

"Проблеманы көбірек айту керек". Бектенов QazaqGaz басшысына ұрысты

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

Тоқаев: Жаңаөзендегі ГӨЗ құрылысының кешігуі – Үкіметтің өрескел олқылығы