Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынды
Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды

Қазақстан Үкіметі құрылыс салушылар үшін салық жеңілдіктерін алып тастауды ұсынады. Үкімет мәліметінше, олар көбіне салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында жаңа Салық кодексінің жобасы бірінші оқылымда қаралып жатыр. ҚР вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің жобасында құрылыс салушылар үшін жеңілдіктер күшін жою қарастырылғанын, өйткені олар күткен нәтиже бермегендіктен және көбінесе салық төлеуден жалтару үшін пайдаланылғанын мәлімдеді.
"Негізі, бұл норма қыркүйекте осында ұсынылған кодекс жобасында (құрылыс салушылар үшін тұрғын үй жеңілдіктерін алып тастау) бар. Біз де оны дұрыс деп санаймыз. Бұл жеңілдіктер ешқандай нәтиже берген жоқ. Өздеріңізге белгілі, баға өсіп жатыр. Бірақ шын мәнінде, бұл кешендерге қызмет көрсетуге байланысты жұмыс көбінесе салық төлеуден жалтару объектісі болғанын білесіздер. Салық комитеті жіберген бірінші хабарлама дәл осы салықты төлемеген құрылыс салушыларға, ірі компанияларға бағытталды, олар салықтың қосымша көлемін төледі. Соған сәйкес, бақылау орнатылады", — деді ол.
Бұл ретте Серік Жұманғарин арнайы агенттік арқылы баға белгілеуге қатаң бақылау орнатылатынын айтты. Нарықта үстем жағдайға ие компаниялар белгіленген ережелерді сақтауға міндетті.
"Біріншіден, бізде баға мәселемен айналысатын арнайы агенттік бар. Нарықта үстемдік ететін немесе бірлескен үстемдікке ие субъектілер осыған байланысты белгілі бір баға заңдарына бағынуы керек. Бұл компанияларға тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізумен айналысатын субъектілер де арнайы салық режиміне қатысушылар болмайды", — деді вице-премьер.
Сонымен қатар, құрылыс салушыларға тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізетін субъектілер арнайы салық режимдерін қолдана алмайды. Бүкіл тізбек электрон шот-фактуралар мен ҚҚС жүйесі арқылы "ақ түске" шығарылады.
"Сондықтан біз электрон шот-фактуралар негізінде бүкіл тізбекті айғақтаймыз, бұл ҚҚС төлеуді анықтауға, процестің ашықтығына мүмкіндік ашады. Мұнда бұл жобаларда жеткілікті жақсы мазмұн бар екенін мойындау керек, бұл оны бақылауға мүмкіндік береді. Сондықтан бағаның шарықтап кетпеуі үшін жеткілікті бақылаудың бар екеніне көз жеткізе аламыз деп ойлаймын", — деп қорытындылады сөзін Серік Жұманғарин.
Фото: Pixabay.com
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
