Ұлттық банк базалық ставканы 14,25% дейін төмендетті

Әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі мен Ресейде инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыздау болып отыр.

Берік Дәулетов

  • 12.07.2024

Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 14,25% дейін 25 базистік тармаққа төмендету жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Биылғы мамыр және маусымда жылдық инфляция, Ұлттық банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасып, біртіндеп төмендеп келеді.

Әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі мен Ресейде инфляцияның жеделдеуіне байланысты сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыздау болып отыр. Ішкі экономикада фискалдық ынталандыру мен тұтынушылық кредиттеу қолдайтын тұрақты ішкі сұраныстың, сондай-ақ жалғасып жатқан реттелетін бағалар реформасының салдарынан инфляциялық қысым сақталуда.

Ұлттық банк келіп түсетін деректерді, соның ішінде баға өсуінің тұрақты бөлігін және жалпы инфляцияның таргетке жақындау траекториясын бақылайды. Алдағы тамыз айында болатын болжамды раунд аясында фискалдық саясаттың параметрлерін қоса алғандағы қалыптасатын тәуекелдер балансы, сондай-ақ бағамдық фактордың салдарынан ақша-кредит шарттарының жұмсару әсері бағаланады. Баға өсуінің бәсеңдеу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақша-кредит шарттары ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң қалпында сақталады.

Жылдық инфляция 2024 жылғы маусым айында 8,4%-ға дейін төмендеді және Ұлттық банктің болжамдары шегінде олардың орталық мәнінен төмен қалыптасты.

Маусымда айлық инфляция 0,4%-ға дейін баяулап, орташа тарихи мәндерден төмен (0,5%) қалыптасты. Базалық және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляцияның көрсеткіштері алдыңғы айлардағы төмендеуден кейін маусымда аздап өсті.

Сыртқы инфляциялық жағдай қолайсыздау болып отыр. Әлемдік нарықтарда азық-түлік құны былтыр айтарлықтай төмендегеннен кейін соңғы айларда біртіндеп өсе бастады. Атап айтқанда, өсімдік майлары мен сүт өнімдерінің бағасы жоғарылады. Сыртқы ақша-кредит шарттары қатаң қалпында сақталып отыр. АҚШ ФРЖ инфляцияның мақсатқа жақындайтындай сенімді белгілері көрінгенше мөлшерлемелерді төмендетуді жоспарлап отырған жоқ. Ал ЕОБ базалық инфляция мен инфляциялық күтулердің төмендеуіне байланысты ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз ұсталған мөлшерлемелерді төмендетуге кірісті, - деп хабарлады Ұлттық банк.

Баға өсімінің бәсеңдеу үрдісін бекіту үшін және инфляция бойынша 5%-дық мақсатқа қол жеткізу үшін ақша-кредит шарттары ұзақ уақыт бойы ұстамды қатаң қалпында сақталады.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 29 тамызда жарияланады.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19.05.2025

19 мамырға арналған валюта бағамы

19.05.2025

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025
MalimBlocks
Мәскеуде танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров ұсталды

19 мамырға арналған валюта бағамы

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған