Жыл басында қырыққабат қымбаттады

Әлеуметтік маңызды азық-түлік бағалары бір аптада болмашы өсім көрсеткен

Мәди Саматұлы

  • 13.01.2025

2025 жылдың 8 қаңтардағы жағдай бойынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының орташа индексі 100,2%-ды құрады. Былтыр 9 қаңтарда бұл көрсеткіш 100,1% болған, ал 5 жылдық динамика бойынша осы кезеңде өсім 4,7% болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бір апта ішінде 3 тауардың орташа баға индексі төмендеген, олардың қатарында: рожки – 0,2%, қант пен тұз – 0,1%.

Бидай ұны, нан, қарақұмық жармасы, сары май, сиыр еті, сүт пен сүзбенің орташа баға индексі тұрақты.

Осы кезеңде кейбір тауар түрлеріне орташа баға индексінің көтерілгенін байқауға болады. Олар: қырыққабат – 2,1%, күнбағыс майы 1,1%, картоп- 0,8%, сәбіз – 0,5%, айран – 0,4%, пияз – 0,3%, жұмыртқа – 0,2%, күріш пен құс еті – 0,1%.

Статистикалық деректер бойынша баға өсімінің төмен көрсеткіші Алматы облысы мен Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліп отыр. Ал баға өсімі жоғары өңірлер қатарында Ақмола, Ұлытау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бар.

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

16.04.2025

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

15.04.2025

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

14.04.2025

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

07.04.2025

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

04.04.2025

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

01.04.2025
MalimBlocks
Мемлекет ұялы байланыс тарифін неге реттей алмай отыр?

Әлемдік мұнай бағасы төмендеді. «Қара алтынға» байланған Қазақстан қайтеді?     

Мұнайдың бағасы антирекорд орнатты

Мұнай бағасы 2021 жылдан бері алғаш рет ең төмен деңгейге түсті

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылғы сәуірден бері алғаш рет 64 доллардан арзандады

Мұнай 4 жылдан бері алғаш рет 64 долларға дейін арзандады

Елімізде бір жыл ішінде не қымбаттады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы инфляция туралы деректерді жариялады