freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Экзит-пол: Құрылтай сайлауында бес партия 5 пайыздық межеден өтті

Қоғам
Экзит-пол: Құрылтай сайлауында бес партия 5 пайыздық межеден өтті
Фото: gov.kz

23 тамызда өткен Қазақстан Құрылтайы депутаттарының сайлауында жүргізілген exit poll сауалнамасының алдын ала нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жекеменшік «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» («СОЦИС-А») қоры сауалнаманы еліміздегі 200 сайлау учаскесінде өткізген.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, сайлаушылардың дауысы төмендегідей бөлінген:

«Әділет» партиясы – 70,7%;

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 6,4%;

Respublica – 5,5%;

«Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,4%;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,0%;

Қазақстан халық партиясы – 3,2%;

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясы – 1,2%;

«Барлығына қарсымын» – 2,6%.

Осылайша, exit poll нәтижесі бойынша Құрылтайға өту үшін белгіленген 5 пайыздық межеден бес партия өтті. Олар – «Әділет», «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ОСДП.

«Әділет» партиясы 70 пайыздан астам дауыс жинап, айқын басымдықпен көш бастап тұр. Ал ОСДП 5 пайыздық өту шегінде тұр.

Еске салайық, 23 тамызда Қазақстанда жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Құрылтай құрамына бес жыл мерзімге 145 депутат сайланады.

Exit poll нәтижелері алдын ала мәлімет болып саналады және дауыстарды ресми санауды алмастырмайды. Сайлаудың түпкілікті қорытындысын Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу