freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елдің басым бөлігінде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі

Қоғам
Елдің басым бөлігінде найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі
Фото: freepik.com

«Қазгидромет» 27 сәуірге арналған дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктер Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 16 өңірінде қолайсыз ауа райы құбылыстары болатынын хабарлады.

Елдің бірқатар аймақтарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, қатты жел және шаңды дауыл күтіледі. Кей өңірлерде жел екпіні 15-23 м/с-қа дейін жетсе, таулы аумақтарда 25 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Астана, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да облыстарда тұман мен түнгі үсік болжанған.

Алматы мен Іле Алатауының таулы бөліктерінде нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.

Сондай-ақ Абай, Шығыс Қазақстан және басқа өңірлердің жекелеген аумақтарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу