Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіске жетті

Спорт
Елена Рыбакина Australian Open турнирінде жеңіске жетті
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Melbourne қаласында өткен Australian Open-2026 турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Үш сетке созылған матчта ол Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен ұтты. Үшінші сетте Рыбакина 0:3 есебінен кейін есепті теңестіріп, шешуші басымдыққа қол жеткізді.

Бұл жеңіс нәтижесінде Қазақстанның бірінші ракеткасы әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді. Соңғы 21 матчтың 20-сында жеңіске жеткен спортшы қатарынан екінші ірі турнирді ұтып алды.

Australian Open-2026 — Рыбакинаның мансабындағы үшінші ірі титул. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонды, 2025 жылы маусым қорытындысы турнирін жеңіп алған.

Қазіргі таңда Елена Рыбакинаның еншісінде 12 WTA титулы бар.

Айта кетейік, Арина Соболенко Australian Open қарсаңында Брисбен турнирінде топ жарып, 11 матч қатарынан жеңіске жеткен болатын. Бұл финал Рыбакина мен Соболенко арасындағы 15-ші кездесу болды. Жеке кездесулердегі жалпы есеп — 8:7, Соболенконың пайдасында.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу