freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елімізде ерекше мереке пайда болмақ

Қоғам
Елімізде ерекше мереке пайда болмақ
фото: shutterstock

Қазақстан Үкіметі мерекелік күндер тізбесіне жаңа толықтыру енгізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Енді жыл сайын 3 қыркүйек – Қазақ тазысы мен төбеті күні ретінде атап өтіледі. Тиісті қаулы 2026 жылғы 28 сәуірден бастап күшіне енеді.

Тазы мен төбет – қазақтың ежелден келе жатқан ит тұқымдары. Тазы – аңшылыққа бейім, шапшаң әрі сезімтал ит болса, төбет – мал мен мүлікті күзететін ірі, сақ тұқым. Екеуі де қазақ мәдениетіндегі «Жеті қазынаның» бірі саналады.

Жаңа мереке аясында елімізде түрлі танымдық іс-шаралар, көрмелер, дәрістер мен семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Бұл бастама тазы мен төбет тұқымдары туралы қоғамның білімін арттыруға және оларды кеңінен насихаттауға бағытталған.

Сондай-ақ мереке кинологиялық ұйымдар мен ит өсірушілерге тәжірибе алмасуға, жарыстар мен көрмелерге қатысуға қосымша мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2024 жылғы 3 қыркүйекте Амстердамда қазақ тазысы тұқымын алдын ала тану туралы шешім қабылданып, Қазақстан стандарт иесі ретінде бекітілген. Толық халықаралық тану 2034 жылдан кейін белгілі болмақ.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу