Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Елордада ұлттық оңалту орталығы өртеніп, 300 науқас бала шұғыл көшірілген

Қоғам
Елордада ұлттық оңалту орталығы өртеніп, 300 науқас бала шұғыл көшірілген

Қалалық ТЖД мәліметінше, 3 сәуір сағат 19:58-де Тұран даңғылы, 36 мекен жайында орналасқан ұлттық балаларды оңалту орталығының трансформаторлық қосалқы стансасының жертөлесінде электр кабелі жанған.

Одан шыққан оттың бетін қайтаруға ұнтақты өрт сөндіргіш қолданылды.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында сағат 21:13-те жалын оқшауланып, 21:20-да сөндірілді. 

Ем алып жатқан 300 бала өз бетінше ғимараттан шығып үлгерген. 

Ешкім зардап шеккен жоқ. 

Өрттің алдын ала себебі — электр сымының қысқа тұйықталуы.

Медицина мекемесі Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. 

«Астана әкімдігі пациенттерді орналастыруға көмектесті. Жанында анасы бар балалар қаланың қонақ үйлеріне және ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына көшірілген. Астанада тұратын науқастар үйіне жіберілді. Қажет болған жағдайда қала стационарларына ауыстырылады. Бүкіл пациенттер медициналық қолдаумен қамтамасыз етіледі» дейді әкімдіктен.

Ұлттық балаларды оңалту орталығы шамамен 4-5 сәуірде жұмысын қайта бастайды.

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу