Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Эмомали Рахмон: Террористерде ұлт та, Отан да, дін де болмайды

Саясат
Эмомали Рахмон: Террористерде ұлт та, Отан да, дін де болмайды

Ол «Крокус Сити Холл» кешеніндегі террорлық әрекетті айыптады. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте айтылды.
-    Террористерде ұлт та, Отан да, дін де болмайды,-деді Эмомали Рахмон.
Рахмон теракт кезінде қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жараланғандарға тезірек сауықсын деген тілегін білдірген. 
Телефонмен әңгіме барысында Тәжікстан президенті терроризммен күресте екі елдің құзырлы органдарын одан әрі бірігіп жұмыс істеуге шақырған. 
Бұған дейін Мәскеуде теракт жасап, кейін ұсталған лаңкестердің Тәжікстан азаматтары екені айтылды. Ресми Ашхабад бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.
Айта кетейік, 22-наурызда Мәскеуде болған террорлық әрекет кезінде 133 адам қаза тапты. 
Бейбіт тұрғындарды өлтіруді ДАИШ (Қазақстанда заңмен тиым салынған) террористік ұйымы мойнына алған. 

Фото: pressa.tj
 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу