Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді кальян сататын мейрамханаларға айыппұл сомасы өседі

Саясат
Енді кальян сататын мейрамханаларға айыппұл сомасы өседі

Елімізде кальян сататын мейрамханаларға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева айтты.

«Қазір кальянды мейрамханалар мен түрлі барда ұсынып жатқанын білеміз. Бұл ретте, Мәжіліс депутаттарымен бірлесе тиісті нормаларды пысықтап жатырмыз. Әкімшілік кодекс аясында айппұл сомасын көтеру ескеріліп отыр. Сонымен қатар, жаңа нормалар енгізілмек. Яғни, қолданыстағы заңнама кальян шегетіндерге қатысты шара қолдануды ғана реттейді. Алайда рестораторларға немесе осы темекі заттарын өз нысандарында өткізетін кәсіпкерлерге қатысты нормалар қарастырылмаған. Сондықтан осы мәселелерді пысықтап жатырмыз», - деді Г.Сәрсенбаева Сенат кулуарында.

Жаңа норма аясында айыппұл сомасы артып, кәсіпкерлердің жауапкершілігі күшейтіледі.

 

Фото: pixabay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу