Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді оқушылардың мектептегі көктемгі және күзгі демалыстары мүлдем алынып тастайды

Әлем
Енді оқушылардың мектептегі көктемгі және күзгі демалыстары мүлдем алынып тастайды
informburo.kz

Түрік үкіметі мектеп оқушыларының бір апталық көктемгі және күзгі демалыстарын алып тастау мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы елдің білім министрі Юсуф Текин ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

2019 жылға дейін Түркия мектептері дәстүрлі екі семестрлік оқу жүйесімен жұмыс істеген. Ол кезде оқушылар тек қысқы және жазғы каникул алған. Кейін билік жазғы демалыстың "өте ұзақ болып, оқушылар оқу материалын ұмытып үлгереді" деген уәжбен мерзімін қысқартып, оның орнына көктемгі және күзгі үзілістерді енгізген еді.

Алайда министрдің айтуынша, соңғы жылдары ата-аналардан шағым көбейген. Оқушылар қысқа демалыстан кейін мектепке оралғысы келмей, қайта бейімделу процесі қиындай түскен.

Осы себепті министрлік каникул жүйесіне қайта талдау жасап, көктемгі және күзгі демалыстарды толық алып тастау мүмкіндігін қарастыра бастады. Әзірге түпкілікті шешім қабылданған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу