Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді қазақстандықтардың жеке куәлігінде жынысы мен азаматтығы жазылады

Қоғам
Енді қазақстандықтардың жеке куәлігінде жынысы мен азаматтығы жазылады

Қазақстандықтардың жеке куәлігіне өзгертулер енгізелетін болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ашық НҚА порталындағы құжат жобасында жазылғандай, жеке куәлікте енді жынысы мен азаматтығы туралы мәлімет беріледі. 

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» заңның 7-бабының 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарда азаматтың жынысы туралы мәліметтер болады. Қазақстан азаматының жеке куәлігінің биылғы нұсқасында азаматтың жынысы туралы ақпарат құжаттың чипінде кодталған түрде қамтылады. Осыған байланысты көрнекі аймақта жынысы туралы ақпаратты көрсету ұсынылады, – делінген Ішкі істер министрлігінің түсіндірме жазбасында.

Жаңа жоба 21 мамырға дейін талқыланады. 

NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу