Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Енді таксистер туристерді алдай алмайды

Қоғам
Енді таксистер туристерді алдай алмайды

Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов туристер алданып қалмас үшін жаңа жоба қолға алынып жатқанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Кейде туристер келген бетте такси, байланыс, валюта айырбастау сияқты қызметтерден алданып қалып жатады. Оның алдын алу үшін QR код жүйесі жасалды. Оның ішінде такси, электронды СИМ-карта, қонақ үй броньдау, негізгі ақпарат пен тіркелу қызметтері жинақталды, - деді министр.

Бұл -одтар еліміздің 4 қаласында, яғни Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында орналастырылған.

Қазіргі таңда әуежайлар QR-кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрайды. Осыған орай тәжірибені кең тарату үшін тиісті әкімдіктер мен Көлік министрлігінің қолдауы қажет. QR-кодты барлық әуежайларға, вокзалдар мен шекара өткелдеріне орналастыру керек, - деп айтты Мырзабосынов.

Фото: Pixabay.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу